Kaz Rus Eng
Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

06.12.2019

   Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығына арналған республикалық конференция өтті.

   Іс-шараға барлық деңгейдегі депутаттар, Президент Әкімшілігінің өкілдері және Үкімет мүшелері қатысты.

   Конференцияны Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева ашып, әріптестерін жергілікті билік органдарын азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне және олардың орындалуын бақылаудың нақты тетігі ретінде дамыту бойынша нақты қадамдар жасауға шақырды.