Тәуелсіз Қазақстанның астанасын көшіру сәтінен бастап, Нұр-Сұлтан өз қонақтарын және қала тұрғындарын таңғажайып архитектуралық туындыларымен және батыл шешімдерімен әліде болсын таң қалдыруда. 2018 жылғы 29 тамызда біздің қаламыздың картасында "Бейбітшілік қабырғасы" атты монументі пайда болды. Қазақ елі алаңы мен Бейбітшілік және Келісім сарайының белдігінде орнатылған кешен «Шабыт» Ұлттық Өнер университеті және Тәуелсіздік сарайы ғимараттарының арасына өте үйлесімді қоныстанды. Ескерткіш Ақтөбе облысында жұмыс істейтін кәсіпкерлік компаниялардың есебінен салынған және елорданың 20 жылдығына арналған сыйлық болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік. XXI ғасыр» антиядролық манифесті идеясына негізделген. «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылуы тектен-текке емес. 1991 жылдың 29 тамызында Елбасы жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылды, ол еліміздің ядролық қарудың әлемдегі ең ірі арсеналынан бас тарту процесінің басталуы болды.
«Осыған байланысты біз бүкіл адамзатқа сенім сезімін ұялатамыз. Осыған байланысты Азиядағы сенімді нығайту шаралары, әлемдік және дәстүрлі діндер съезі және біздің елордада жиналатын басқа форумдар аясында осы күресті жалғастырамыз. Сондықтан мен осы объектіні Астана күніне арнап сыйлаған Ақтөбелік достарымызға алғысымды айтқым келеді. Бұл ескерткіш жас ұрпақты әлемдегі бейбітшілікті сақтауға шақырады», - деді Елбасы ашылу рәсімінде.
Сәулетшілердің ниеттері бойынша, монументте тосқауылдарды жасайтын қабырғалар біртұтас, қоршау түріне айналып, осылайша халықты қоршап, біріктіреді және дәстүрлі түрік кұрылтайын бейнелейтіндей барлығын бір шеңберге жинайды. Объект үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлімі бытыраңқылық пен оқшаулануды бейнелейді, екіншісі - үміт, еркіндік пен тәуелсіздік, үшіншісі, бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын. Ескерткіштің жалпы ұзындығы - 111 метр, ені - 18,4 метр, биіктігі - 17,5 метрді құрайды.
Монументтің корпусы жоғары берікті болаттан жасалған. Ескерткіштің құрылысына жалпы ауданы алты мың шаршы метрден астам 1200 тонна гранит пайдаланылды. Мемориал қабырғасында 51 тілде «Бейбітшілік» сөзі жазылған.
-Біздің бітімгершілік туралы хабарымыз, ең алдымен, болашақ ұрпаққа үндеу болып табылады. Барлық тілдерде біз «Бейбітшілікті сақтаңдар!» деп айтамыз, - себебі бейбітшілік әлемнің әрбір түкпірінде орнауы тиіс! - деп Елбасы өз сөзінде ерекше атап өтті!