Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«NUR OTAN» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының XXXI кезектен тыс конференциясы

12.11.2020

2020 жылдың 12 қарашасында «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар таңдалып, қалалық мәслихатқа партиялық тізім жасалды.

 

Мәжіліске үміткерлердің жалпы саны - 10 адам, бұл партияішілік іріктеуде, праймеризде ең көп дауыс алғандар және ең жоғары рейтингке ие болғандар.

 

Олардың арасында медицина қызметкерлері, сыбайлас жемқорлықпен күресуші, «Атамекен» ҰКП елордалық филиалының басшысы, білім беру мекемелерінің өкілдері және басқалары бар.

 

Олардың бесеуі ең көп дауыспен жеңіске жетті. Енді олар Мәжіліс депутаттығына партиялық тізімге енуге үміткер болады.

 

Онлайн-дауыс беру алдында барлық үміткерлер партияның елордалық филиалының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында тікелей эфирде көрсетілген дебаттарға қатысты. Үш минут ішінде үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларының басымдықтары туралы айтып, содан кейін бір минут ішінде әріптестерінің сұрақтарына жауап беруі керек болды.

 

Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша конференция делегаттары ең көп дауыс жинаған: Бауыржан Исабаев - 97 (дауыс), Алмат Жүнісов (86), Лариса Павловец (84), Расул Медетов (79) және Ханзада Балтаева (76). Конференцияда партияның елордалық филиалы Саяси кеңесі бюросының құрамы да сапалы жаңартылды, партияның съезіне Нұр-Сұлтан қаласынан делегаттар сайланды.

 

Конференция санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес өткізілді және оның барлық қатысушылары міндетті ПТР тестілеуінен өтті.