29.11.2019
2019 жылдың 29-30 қараша күндері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай «ӘБІШ ӘЛЕМІ» тақырыбында оқу конгресін өткізеді. Оқу Конгресінің мақсаты – аса құнды әлеуметтік функцияларға халықты ғылыми, шығармашылық және мәдени қоғамға назарын аудару. Сондай-ақ, Ә.Кекілбайұлының әдебиеті мен шығармашылығын, қазақ әдебиетінің құндылықтарын халықаралық ғылыми-білім беру жүйесінде насихаттау және көпшілікке тарату. Әр түрлі тақырыпта жазылған жазушының шығармаларын жаңа оқуға ынталандыру, жан-жақты талдап, оның сан қырлы талантын түсіндіру, жазушының есімін әлемдік қауымдастыққа танымал ету.
«Әбіш Кекілбайұлы әлемі» фотогалереясы жазушының ғибратты ғұмыры мен творчествосына арналады. Мемлекет және қоғам қайраткерінің толағай тұлғасын айқындайтын әдебиеттері мен шығармашылықтың шыңына жеткен рухани мол қазынасы оқырмандар назарына ұсынылады. Жазушының шығармашылығына байланысты еңбектері мен оның мұрағатынан алынған фотосуреттерден көрме қойылады.
Ә.Кекілбайұлының марапаттар жинағында «Қазақстан мен шет елдерден алған наградалар» тақырыпта жазушының шығармашылық және еңбек қызметінің тарихи оқиғаларын куәландыратын Әбіш Кекілбаевтың марапаттарын көрсету үшін орналастырылды. Бұл көрме көкжиектің кеңеюіне ықпал етеді, жазушының жетістіктері туралы ақпараттар ұсынады. Сыйлықтар жазушының қызметі, оның тарихи, сонымен бірге көркемдік құндылығына ие болған оның дамуына қосқан үлесін көрсетеді. Көрмеде оның жұмысы мен жетістіктері туралы баяндайтын 100-ден астам марапаттар, дипломдар мен алғыс хаттар қойылады. Атап айтқанда, Қазақстанның Еңбек Ері ордені, Құрмет ордені, Отан ордені, Достастық ордені, ҚР Тұңғыш Президенті ордені мен ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл, ҚР Парламентіне 10 жыл, Астана қаласына 10 жыл, М.Шолоховтың 100 жылдық мерейтойына орай естелік төсбелгілері, Қазақстанның Мемлекеттік Сыйлығының иегері, Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, «Платинум Тарлан» сыйлығының иегері және т.б. марапаттары бар.
«Әдеби кездесуге» Кекілбаевтар отбасынан атап айтқанда, кемеңгер жазушының жан жары Клара Жұмабайқызы, ұлы Дәулет Кекілбаев, қыздары Зәузат және Сәуле Кекілбаевалар, немересі Абыл Кекілбаев қатысады. Кездесу барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелер айтылады.
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан, Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келген. Жары - Клара Жұмабайқызы. Екі ұлы және екі қызы бар. Ұлдары: Әулет, Дәулет. Қыздары: Заузат, Сәулет. Немерелері: Динара, Абул, Жібек, Зухра, Батухан, Баязит, Елдар, Алуа, Санат. Шөберелері: Хадиша, Інжу, Алина, Әділ, Арлен, Айбеке. «Шыңырау» көркем фильмінің шығармашылық тобымен кездесу барысында көркем таспаның түсірілімі және Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында, Түпқараған және Шетпе ауылдарының маңында өткені жайында баяндалады. Сондай-ақ, фильмде көрсетілген адамдар мен қоғам арасындағы оқиғалар, махаббат, достық және отбасы құндылықтары жайында әңгімелер қозғалады. Фильм 2017 жылы түсірілген.
Фильмнің режиссеры – Жаңабек Жетіруов. Басты рөлдердегі актерлер: Еңсеп - Алдабек Шалбаев, Жомарт (Еңсептің ұлы) Асылхан Төлепов, Ақмоншақ (Қалпақтың қызы) - Жетіру Айжан, Оспан - Мақсат Сәбитов, Қалпақ - Мұхамбетжан Мырзакеев. Жазушының «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабының желісі бойынша түсіріліген деректі фильм. Бұл фильмде Маңғыстау өлкесінің табиғаты, тарихи есткерткіштері, сауда жолдары, архив деректері, тарихи зерттеулері академиктер мен археологтардың, тарихшылардың, саяхатшылардың зертеулері қамтылған. Сондай-ақ, Әбіштің анасы мен балалық шағынан және жазушының геолог Қариямен үзінді қойылымы арнайы фильмге арқау болды. Фильмде жазушының анасының рөлінде - Айгерім Жолдасбаева, 7 жасар Әбішті Әділ Кекілбай Абулұлы (Әбіш атаның шөбересі), геолог Қария Иван Иванович Бок – Алқажан Еділбаев, 10 жасар Әбішті – Ермұхаммед Әлібиұлы (Әбіш атаның немересі) сомдайды. Фильмнің бас продюссеры, көркемдік жетекшісі – Оралбек Сарыбасов, қоюшы-режиссеры Ақбөбек Тұлжан.
Іс-шараның модераторы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы.