13.12.2019
2019 жылдың 13 желтоқсанында «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК көрме залында «Дала Өрнектері – 2019» атты іс шара серияларын іске асыру аясында Жастар жылына арналған көрме өтті. Көрме Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған жасампаз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.
«Дала өрнектері - 2019» VIІ республикалық көрменің негізгі құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК , Нұр-Сұлтан қаласының «Суретшілер одағы», Қазақстан Республикасының Көркемсурет академиясы, «Тұран-Астана» университеті болып табылады. Сондай-ақ осы көрменің демеушілері: «Global-BL» ЖШС, ҚР Кәсіпкерлер Палатасы. Аталмыш іс-шараға белгілі қылқалам шеберлері және талантты жастардың шығармашылығы қызықтыратын барлық шығармашылық топ қатысты. Сонымен қатар, бейнелеу өнері иелерінің туындылары туған елдің өткені мен қазіргі таңы және болашағының көрінісін көрсетеді.