Kaz Rus Eng
Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«BILIM» фотокөрмесі

07.11.2019

   2019 жылы 7 қараша күні «BILIM» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. «BILIM» фотокөрмесі «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының қолдауымен өтті.

   «Nur Otan» партиясының өкілдері, Елшілер (Бірікке Араб әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Морокко Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі), Мәжіліс және сенат депутаттары, Елорданың сексенге жуық мектеп директорлары, қоғам қайраткерлері, блогерлер, журналистер, танымал бизнес тренерлер мен ірі кәсіпкерлер қатысқан болатын.

   Фотокөрме бір айға жуық Тәуелсіздік сарайында өтетін болады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын мен қонақтарын фотокөрмені тамашалауға шақырамыз!