Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Қазақ тілінің латын графикасына көшуі

15.05.2019

   Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тілді қолданушыларға жаңа әліпбиді үйренуге бірқатар әдістемелік жобаларды әзірледі. 

   Атап айтқанда, латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін балалар мен ересектерге үйретуге арналған iOS, Android платформаларында "iles", "sozalemi", "jasyryn soz", "zerek bala", "sozdi tap" мобильді қосымшаларын әзірледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің әлеуетті инфрақұрылымын жасау мақсатында қазақ тілінің түгел сөздік қорын (түсіндірмесі, синонимі, омонимі, антонимімен бірге) электрондық форматқа көшірген sozdikqor.kz  сайты және мәтіндерді латын графикасына аударуға арналған конвертер бағдарламасы іске қосылды.

   Осы ретте аталған сайттар мен қосымшаларды жұмыс барысында пайдалануды ұсынамыз.