Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

И.М.Баграмовтың «Құрметпен, Қарағандыдан!» атты көрмесінің ашылу салтанаты

08.10.2019

   2019 жылдың 8 қазан күні Тәуелсіздік сарайында белгілі суретші-көркемдеуші және театр сахналарын әрлеуші маман, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Баграмов Игорь Маратұлының «Құрметпен, Қарағандыдан» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш көрмеге автордың кескіндеме, графика, эскиздерден құрылған жүзге жуық жұмыстары қойылды.

   Көрменің басты мақсаты – суретші-көркемдеуші, әрлеуші өндірісінің маманы ретінде, өнеріндегі шығармашылық-танымдық белсенділігін арттырып, келешек ұрпақтың өнерге деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамдарын дамытып, мәдениетке деген сезімін арттыру.

   Игорь Баграмов өз шығармаларын сәнді үйлесімділікке әуестену арқылы шарттылауға ұмтылады. Оның туындылары бөгде, әpi күрделі құрылымдарымен, қиялдың күрделілігімен, философиялық толыққандылығымен ерекшеленеді. Суретшіге тән қажеттілік - заттар әлеміндегі ерекше белгілер мен көркемділікті нақтылы көрсете білу. Осындай қарапайым үйлесімділік арқылы образдың символикалық әсемдігін көрсету мүмкіндігі туындайды және бейнені белгілі бір эмоциялармен қанықтандыра түседі..

   Шығармашылық белсенділігі: Қазақстан театрларының кәсіби сахналарында 20-дан астам спектакль сахналары мен концерт залдарын безендірген.

   Халықаралық, республикалық, облыстық және аймақтық көрмелерге қатысқан. Еңбектері мен кескіндеме жұмыстары ТМД және шетелде жеке коллекцияларында сақтаулы, атап айтқанда Германия, Қытай, Америка, Жапония, Канада және т.б. И.М.Баграмов қазіргі таңда шығармашылығында монументалды туындылар, кескіндеме, мүсін жасау, графикамен айналысады.

   Көрме 08.10.2019ж.-08.11.2019ж. уақыт аралығында өтетін болады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен Елорда қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!