Kaz Rus Eng
Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«ДАЛА ӨРНЕКТЕРІ – 2019» АТТЫ КӨРМЕ

13.12.2019

   2019 жылдың  13 желтоқсанында «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК көрме залында «Дала Өрнектері – 2019»  атты іс шара серияларын іске асыру аясында Жастар жылына арналған көрме өтті. Көрме Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған жасампаз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.

   «Дала өрнектері - 2019» VIІ республикалық көрменің негізгі құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК , Нұр-Сұлтан қаласының «Суретшілер одағы», Қазақстан Республикасының Көркемсурет академиясы, «Тұран-Астана» университеті болып табылады. Сондай-ақ осы көрменің демеушілері: «Global-BL»  ЖШС, ҚР Кәсіпкерлер Палатасы. Аталмыш іс-шараға  белгілі қылқалам шеберлері  және талантты  жастардың шығармашылығы қызықтыратын  барлық шығармашылық топ қатысты.  Сонымен қатар, бейнелеу өнері иелерінің туындылары  туған елдің өткені мен қазіргі таңы және болашағының көрінісін көрсетеді.