Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Делегаттарға арналған экскурсия

28.11.2019

   28 қараша күні «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы және Ұлы дала шежіресі» атты іс-шарасын өткізуіне байланысты еліміздің әр өңірлерінен келген делегаттарға арналған экскурсия ұйымдастырылды.

   Қонақтарға сарайдың негізгі мақсаттары туралы толық ақпарат айтылды.Шолу экскурсиясы барысында Тәуелсіздік сарайының конгресс-залы мен қонақтарды таң қалдырған Нұр-Сұлтан қаласының даму жоспарының үлгісі көрсетілді. Сонымен қатар, өнер галереясында өтіп жатқан Камил Муллашевтың жеке көрмесін тамашалаған болатын.