Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Менің отбасым - менің байлығым» тақырыбында сот қызметкерлеріне отбасылық құндылықтарды түсіндіру мақсатында семинар өтті

22.11.2019

   22 қараша күні Тәуелсіздік сарайында сот төрешілері, психологтар мен дәрігерлердің қатысуымен елордалық сот мамандарына отбасылық құндылықтар мен рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мақсатында семинар өткізілді.

   Дәріскерлер ретінде дәрігер психотерапевт Ольга Когай, жоғарғы құқық мектебінің профессоры, тренер-медиатор Мира Жасқайрат, психолог, гештальт-терапевт Қайрат Нұрмағанбетов сөз сөйледі.

   Кездесу модераторы, Алматы аудандық сотының сот төрешісі Майя Қасымова жастар арасында неке бұзу үдерістерінің айтарлықтай өскенін атап өтті. Өткен мерзім ішінде елордалық соттарда 2724 неке бұзылды, 435 ерлі-зайыптылар татуласып, 1162 ерлі-зайыптыларға отбасылық психологқа жүгіну ұсынылды. Сонымен қатар, сот төрешісі отбасының бұзылуына әкеліп соқтыратын ажырасудың негізгі себептерін, ерлі-зайыптылар арасындағы опасыздық пен ойындық тәуелділікті атап өтті.

   «Жас жұптардың ажырасуының негізгі себебі - бұл қарым-қатынасты құрудағы абсолюттік сауатсыздық. Отбасы құра отырып, жастар олардың ата-аналары болатынын және балалар үшін жауапты болатынын ойламайды. Отбасын қаржылай қолдау қажеттілігі оларға ауыртпалық түсіреді», - деді сот төрешісі.

   Кездесу барысында қазіргі заманғы отбасында туындайтын әлеуметтік және құқықтық мәселелер, отбасылық құндылықтар мен отбасының құндылықты бағдарларын зерттеу мәселелері, сондай-ақ ойын тәуелділігінің негізгі белгілері мен олардың алдын алу жолдары қозғалды.

   Дәрігер психотерапевт Ольга Когай өз сөзінде атап өткендей, ойын құмарлықтың дамуының негізгі себептері жалғыздық, өз-өзіне және өмірге қанағаттанбаушылық сезімі болып табылады. Көбінесе лудоман үшін отбасы құнсызданады. Көп жағдайда, бұл ауруды емдеу үшін екі жылдан бес жылға дейін уақыт кетеді.

   Тренер-медиатор, психолог Мира Жасқайрат жанұяның іргелі факторлары мен параметрлеріне толығырақ тоқталды. «Мемлекет отбасының дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, осы мекемеге қоғамдық қызығушылықтың болуын нормативтік актілерде көрсетуі керек», - деді профессор.

   Өз кезегінде психолог Қайрат Нұрмағанбетов бақытты отбасының негізгі белгілерін атап өтті. Психологтың пікірінше, жас жұбайлар отбасылық өмір жолының басында өмір сүру жағдайларын қарастырып, өзара тиімді келісім жасауы керек.

   Кездесуді қорытындылай келе, сарапшылар біздің уақытымыздың болмысын ескере отырып, туындауы мүмкін мәселелерді белгіледі және оларды шешу жолдарын түсіндірді.

   Кездесу соңында «Ажырасуға байланысты күрделі мәселелер» атты деректі фильм көрсетілді.