Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«БОЛАШАҚҚА БИЛЕТ» Жастар арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының көрмесі болып өтті.

04.11.2019

   Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жастар Жылы аясында «БОЛАШАҚҚА БИЛЕТ» -жастар арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша іс-шаралар кешені аясында болып өтті.

         Жоба аясында:

  1. Нұр Сұлтан қаласының жалпы білім беретін барлық мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін 2 күндік мамандықтар көрмесі;
  2. Әйгілі тұлғалар, танымал жастар пікірлерінің көшбасшылары, блогерлердің қатысуымен мастер-кластар;
  3. Мансап бойынша кеңес беру тестілері жүргізілді.

Іс-шара жастардың жұмыссыздығымен күресуге, жұмысшылардың мамандықтарын дәріптеуге және студенттердің мансаптық жоспарлаудағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Көрменің бірінші күнінде Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің, 3D анимация мектебінің, «BAZIS CONSTRUCTION», Қазақ Сауда экономика және халықаралық сауда, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, «Даналық» медициналық колледжінің, «Нұрбанк» АҚ өкілдері қатысты. Көрмеге қаламыздың 10-ға жуық мектептің оқушылары қатысты. 

   Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкер, «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушысы Эмин Аскеров «Лайфхаки для успеха» тақырыбында тренинг жұмыстарын өткізді.