Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

UNWTO VIII жаһандық Саммиті

10.10.2019

   Тәуелсіздік сарайында 9-12 қазан аралығында ЮНВТО-ның «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммитінің ресми ашылу салтанаты өтті. 1400 делегат, оның ішінде 80 мемлекеттен 400 шетелдік делегат және 15 әлемнің ірі қалаларының басшысы қатысты.
   Саммиттің ашылуына Қазақстан Үкіметі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшылығы, UNWTO-ның бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысты.
   Жаһандық саммиттің өтуі Қазақстан астанасының дамуы жаңа серпін беріп, туристік орталық ретінде танылуына мүмкіндік берді. Шараға 1400 делегат, оның ішінде 80 мемлекеттен 400 шетелдік делегат және 15 әлемнің ірі қалаларының басшысы қатысты.
   12 қазанға дейін созылған Саммит жұмысына шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері қатысты.
   Күн тәртібінде «Ақылды қалалар және туризм» тақырыбында кездесу өтіп, декларация қабылданды, сондай-ақ ақылды бағыттар туралы панельдік пікірталастар өтті.
   UNWTO – 1975 жылдан бастап қызмет ететін БҰҰ жүйесіндегі беделді  туристік ұйым саналады.