Kaz Rus Eng
Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

ҚР Президентінің төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы

06.09.2019

   6 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткізілді. Кеңес құрамына қоғамның түрлі салаларына өкілдік ететін 44 адам кірді.

   Отырыс аясында жұртшылық пен азаматтық қоғамның пікірі есепке алынып отырып, маңызды стратегиялық мәселелер қарастырылды, жұртшылық, саяси партия, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдар өкілдерінің арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету механизмдері талқыланды. Сондай-ақ, Ұлттық кеңес жұмысының жоспары бойынша ұсыныстар қарастырылды.