Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«IRONMAN 70.3 Аstana» халықаралық триатлон конкурсының салтанатты ашылуы

2019-07-12

   2019 жылдың 12 шілдесінде Тәуелсіздік сарайында «IRONMAN 70.3 Аstana» халықаралық триатлон конкурсының салтанатты ашылуы өтті.

   IRONMAN 70.3 - ең күрделі және беделді триатлон жарыстарының бірі. Сынақтар Есіл өзенінде екі километр қашықтықта жүзуден басталады. Бұдан кейін спортшылар веложарысқа қатысады (90 шақырым), содан соң жүгіруді (21,1 шақырым) өтеді. Жарыстың барлық маршрутының ұзындығы 113 шақырым, немесе 70,3 миля. Толық қашықтықты жеңіп шыққан спортшы «Мықты адам» деп атанады.