Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы.

2019-07-04

   Пленарлық отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, сондай-ақ 300 мемлекеттік органдардың, ұлттық және трансұлттық компаниялардың басшылары, халықаралық және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

   Күн тәртібіне 3 мәселе кіргізілді:

1) Кеңестің 31-ші пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау туралы есеп.

2) инвестициялық саясатты, энергетиканы, қоршаған ортаны және мұнай-газ саласын, еңбек заңнамасын, адами капиталды дамытуды және шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты шетелдік тараптың ұсынымдары.

3) Пленарлық отырыстың басты мәселесі адам капиталын дамыту болып табылады.

         Естеріңізге сала кетейік, Кеңестің құрамына қазақстандық тараптан ҚР үкіметінің мүшелері, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ және «Атамекен ҰКП» басшылары, сондай-ақ 32 ірі трансұлттық шетелдік компаниялардың және халықаралық ұйымдардың басшылары және 5 шетелдік бақылаушы кіреді.