Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Nur Otan» партиясының XVIII съезі

27.02.2019

   2019 жылғы 27 ақпанда Тәуелсіздік сарайында саяси ұйымның 20 жылдығына арналған «Nur Otan» партиясының XVIII съезі өтті. Съезд 2030 жылға дейін партияның жаңа бағдарламасын қарады, партияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар, партиялық есептер және жаңа партия саяси кеңесі сайланды.

  Cъезге өңірлік конференцияларда сайланған делегаттар, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар құрылымдарының, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, партия ардагерлері қатысты

 

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz