Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Сарбаздарға арналған экскурсия

31.03.2019

   2019 жылдың 31 наурызында жастардың патриоттық сезімдірін көтеру және эстетикалық-мәдени тәрбие беру мақсатында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің сарбаздарына экскурсия жүргізілді.

   Ұйымдастырылған экскурсия барысында қонақтарға зор мақтанышпен Нұр-Сұлтан қаласы дамуының бас жоспары таныстырылды. Қала құрылысындағы басты және келешекте салынатын нысандардың макеттегі түнгі көрінісі сарбаздарды таң қалдырды. Тәуелсіздік сарайының қазіргі заманауи галереясында қонақтар Қазақстанның танымал және жас суретшілерінің жұмыстарын тамашалады.
   Ұйымдастырылған экскурсия қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды.