Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын!

22.03.2020

Құрметті отандастар!

Сіздерді Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!