Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Іздер ІІІ атты көрмесі

Іс-шара атауы: «Іздер ІІІ» атты көрмесі
Өтетін уақыты: 20 наурыз 2019 ж., сағат 17:00
Көрменің өткізілу уақыты: 20.03.-20.04.2019ж.
Өтетін орны: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК
Мекен-жайы: Астана қаласы,Тәуелсіздік даңғылы, 52
Байланыс телефондары: 700-380, 700-396, 701-392

2019 жылы 20 наурызда Тәуелсіздік сарайында «Іздер» бірлестігінің ‒ суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақын Қайрамбаев пен оның шәкірттерінің көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда Қайрамбаев пен көшбасшы әрі көркемдік жетекшінің төңірегіне жиналған суретшілердің 50-ге тарта туындысы қойылады.

Өнер жайында әңгіме болған жерде, Ж. Қайрамбаевтың есімі аталмай өтпейді. И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының кескіндеме факультетін тәмамдаған алғашқы жылдан-ақ дарынымен, икемімен өзіне үйіріп әкететін суретші Ж. Қайрамбаев Н. Назарбаевтың штандартын жасауға атсалысады, портреттер, натюрморттар, пейзаждар, тарихи және жанрлық тақырыптарға картиналар салады. Сонымен қатар, міне, 36 жыл болды, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында сабақ бере жүріп, әрбір қатысушының тағдырына қамқорлықпен қарауға толығынан рухани күш беретін серпінді де оралымды бірлестік формасын құрып, өз айналасына жас талантты суретшілерді топтастырды. Сурет өнері шеберінің артистік жаратылысындағы мұншама икемділік қасиеті – өзінше бір құпия. Бүгінде суретшілердің бәрі бірдей өз шығармашылық және өмірлік ұстанымдарын бекітуге жүректері дауалай бермейді. «Өзімен өзі болуды» шығармашылық кредосына айналдырған суретші туралы білуге көрерменніңқызығушылығын оятады.

«Іздер» көрмесі ‒ Жұмақын Қайрамбаевтың бейнелеу өнеріне зор үлесін қосқан арнайы авторлық жобасы. Ж.Қайрамбаев ‒ Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Ол ‒ Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында станоктық кескіндеме мамандығы бойынша республикалық және халқаралық деңгейдегі байқауларда көзге түскен шәкірттерді дайындап шығарған кәсіби ұстаз. Бір топ суретшінің басын қосқан топтық «Іздер»жобасы Ж.Қайрамбаевтың авторлығымен суретшінің 50-жасқа толуына орай 2003 жылы ашылған болатын. Жобаға қазіргі күнде елге танымал Ө.Жұбаниязов, Е.Хамиров, Д.Қасымов, М.Нұрғожин, Т.Тлеужанов, Д.Қайрамбаева сынды және т.б. белді суретшілер қатысты. Көрме жоба авторының 60 жасқа толуына орай, академия түлектерімен бірге бірлесіп 2013 жылы наурыз айында Ә. Қастеев атындағы МӨМ-де «Іздер-ІІ»атауымен жалғасын тапты. Араға алты жыл салып, 2019 жылдың наурыз айында «Іздер-ІІІ» жобасы іске асып, осы көрмеде Ж.Қайрамбаевтың жетекшілігімен «станоктық кескіндеме» мамандығы бойынша 2006-2014 жыл аралығында білім алған шәкірттері О. Қабөке, Б.Сейсенханұлы, А.Нұрғожаев, А.Жүргенов, Д.Үсенбаев сынды суретшілердің қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өткізілгелі отыр.

Іздер жобасының негізгі түп мақсаты ‒ жоба авторы Ж.Қайрамбаевтың ізімен емес, әр автор бейнелеу өнеріндегі даралығымен, алар асуымен ерекшеленіп, өзіндік жүретін жолын тауып, тек өзіне тән із қалдыруына ықпал ету. «Іздер-ІІІ» жобасының қатысушылары ‒ ҚР Суретшілер одағының мүшелері, жеке көрмелерін өткізіп, жарқын еңбектерімен танымал болған, үлкенді-кішілі республикалық және халықаралық фестивальдар мен байқаулардың жеңімпаздары.

Астана қаласының тұрғындары мен Елорда қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!