Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Дала Өрнектері – 2019» атты көрме

13.12.2019

Іс-шара атауы: «Дала Өрнектері – 2019» атты көрме

Уақыты: 13.12.2019ж. сағат 16:00

Өтетін орны: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 52

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Байланыс телефондары: 700-396, 701-392, 87017889471, 87015217709

 

2019 жылдың  13 желтоқсанында «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК көрме залында «Дала Өрнектері – 2019»  атты іс шара серияларын іске асыру аясында Жастар жылына арналған көрме өтеді. Көрме Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған жасампаз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.

«ДАЛА ӨРНЕКТЕРІ-2019» VIІ республикалық көрменің негізгі құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК , Нұр-Сұлтан қаласының «Суретшілер одағы», Қазақстан Республикасының Көркемсурет академиясы, «Тұран-Астана» университеті болып табылады. Сондай-ақ осы көрменің демеушілері: «Global-BL»  ЖШС, ҚР Кәсіпкерлер Палатасы. Аталмыш іс-шараға  белгілі қылқалам шеберлері  және талантты  жастардың шығармашылығы қызықтыратын  барлық шығармашылық топ қатысады.  Сонымен қатар, бейнелеу өнері иелерінің туындылары  туған елдің өткені мен қазіргі таңы және болашағының көрінісін көрсетеді. Олар келесі бағыттар мен техникаларда орындалған, атап айтқанда:

  • Кескіндеме;
  • Графика;
  • Мүсін;
  • ҚПҚ;

- Ағаш, тері, металл, киіз, шыныны көркем өңдеу;

- Көркем сурет (ағаш, шыны, мата, металл);

- Керамика (саздан қолмен мүсіндеу, қыш өнері);

- Көркем тоқыма (қолмен тоқу, көркем кестелеу, тоқыма)

 

   «Дала Өрнектері – 2019» VIІ республикалық көрмесінің мақсаты:

  • Қазақстанның кескіндеме, графика , мүсін және қолданбалы қолөнерді сақтау, дамыту және қолдау.

 

   «Дала Өрнектері – 2019» VIІ республикалық көрмесінің міндеті:

  • Талантты жас суретшілер мен шеберлерді әлеуметтік қолдау және танымал ету.
  • Нұр-Сұлтан қаласының бүкіл аймақтық мәдени әлем орталығына айналуы.
  • Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

 

   «Дала Өрнектері – 2019» VIІ республикалық көрмесінің мазмұнды бөлімі келесі блоктардан тұрады:

  • Қолданбалы қолөнер суреттері мен бұйымдарының көрмесі
  • Мастер-класстар

 

Қала тұрғындарын мен қонақтарын көрменің ашылу салтанатына шақырамыз!