Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«BILIM» фотокөрмесі

07.11.2019

   Биылғы жылы Президент Қ.К.Тоқаев өз жолдауында білім беру сапасын жақсартуға аса көңіл бөлді. Осыған орай, еліміздің көптеген мектептерінде жан-жақты дамыту сабақтары жүйеге қойылуда. Сондықтан бәсекеге қабілетті мектептердің ішкі жағдайын, мектептің заманауи мүмкіншіліктерін, ұстаз бен оқушының сабақ барасындағы шынайы жылы қарым қатынасты , мектептегі оқушының бақытты кезеңін толықтай қамтып фоторепортаж жасап, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тәуелсіздік» сарайына бір айға жуық қойылады. «BILIM» фотокөрмесі «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының қолдауымен өтеді.

   «Nur Otan» партиясының өкілдері, Елшілер (Бірікке Араб әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Морокко Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі), Мәжіліс және сенат депутаттары, Елорданың сексенге жуық мектеп директорлары, қоғам қайраткерлері, блогерлер, журналистер, танымал бизнес тренерлер мен ірі кәсіпкерлер шақырылды.

 

Бағдарламасы:

 «BILIM» фотокөрмесінің салтанатты ашылуы 07.11.2019жылы, 18:00 
Концерттік бағдарлама
Нетворкинг
Фуршет