Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның үздік әлеуметтік қызметкерлері марапатталды

01.11.2019

   1 қараша күні Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмысшы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, олардың жеңімпаздары еліміздің әр өңірінен келген 9 адам болды.

   Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мамандардың беделін арттыру және осы саладағы озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырды.

   Құттықтау сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік қызметкер мамандығының қаншалықты маңызды әрі жауапты екендігін  баса айтты.