Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты Республикалық Семинар

01.11.2019

   2019 жылы 1 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар өтті, онда қазақстандық сарапшылар мен әлеуметтік қызметкерлер Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік сақтандыруды дамыту перспективаларын талқылады.

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік аннуитеттік компания және Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.

   Семинарды ашқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Бұл диалог алаңы әр түрлі елдердің сарапшыларына жаһандану жағдайында және халықтың өсіп келе жатқан үміттері жағдайында әлеуметтік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

 

                                                                                                                                                                                                                  Дереккөз: https://enbek.gov.kz/