Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Жастар үшін қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй

14.09.2019

   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде жұмыс істейтін жастарға қайтарымсыз тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама жастарға тұрғын үйді 5 жыл мерзімге, жеке тұрғын үй сатып алғанға дейін қаражат жинақталған мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдамалы тұрғын үй осы жылдың соңына дейін Тәуелсіздік күніне орай беріле бастайды.

   Тек 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін қазақстандықтар 40 шаршы метрден аспайтын пәтерлерге өтініш бере алады. Жалға беру коммуналдық қызметтерді есептемегенде 10-12 мың теңге аралығында болады. Жалпы, биыл жастарға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 3 мың пәтер беріледі. Бұл бағдарлама 2022 жылы еліміздің басқа аймақтарында жүзеге асырыла бастайды.

Жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар тізімі:

- Өтініш.

 - Жеке куәліктің көшірмесі.

- Дипломның көшірмесі.

- Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда).

- Көшірмесі баланың туу туралы куәлігі (бар болған жағдайда).

- Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.

 - Жұмыс орнынан анықтама.

- Табысы туралы анықтама, соңғы 6 айдағы табысы 40 АЕК немесе 101 мың теңге) кем болмауы тиіс.

- Еңбек өтілін растайтын құжаттар.

 - Банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама.

 - Банктік шот бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы ақпарат.

- Өтініш берушінің Жеке жетістіктері туралы құжаттар (бар болған жағдайда).

 

Құжаттар топтамасын бес жұмыс күн ішінде тексеру қажет. Егер өтініш берушінің барлық анықтамалары толық болмаған жағдайда, қосымша бір күн беріледі. Кейін әкімдік он жұмыс күн ішінде балдарды есептеп, үміткерлердің тізімін жасайды. Балл неғұрлым көп болса, пәтерді алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

 

Балл қосылу шарттары: Егер сіздің мамандығыңыз уәкілетті орган бекіткен халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша "Еңбек"  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 100 сұранысқа ие мамандықтар тізіміне кірген жағдайда — 10 балл.

 - Отбасы бар жағдайда -5 балл.

- Егер сізде кемінде бір жыл жұмыс істейтін ЖК  болған жағдайда -5 балл, әр жыл үшін-1 балл.

- Некеде тіркелген әрбір жыл үшін-2 балл.

- Егер сізде бір бала болса-1 балл, келесі әрбір бала үшін-2 балл.

 - Әр түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда-2 балл.

- Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыс үшін-5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін-1 балл.

- Депозиттегі жинақтардың әрбір жылы үшін-2 балл.

 

 Баллдар тең болған жағдайларда бұрын өтініш берген үміткерлердің мүмкіндіктері көбірек  болады. Кейін әкімдікте тұрғын үй беру туралы шешім қабылданған соң, 15 күнтізбе ішінде шарт қабылданады. Пәтер сатып алу құқығынсыз 5 жылға беріледі.

 

Барлық сұрақтар бойынша "Тұрғын үй қоры" КММ-не хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: 793450, 793462 (63) немесе мына мекен-жай бойынша: Нұр-сұлтан, Қошқарбаев даңғылы, 39