Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

HPAIR 2019 Asia Conference жабылу салтанатты рәсімі

2019-08-20

                  2019 жылдың 20 тамызында Тәуелсіздік сарайында The Harvard College Project for Asian and International Relations 2019 Asia Conference халықаралық конференциясының жабылу салтанаты (HPAIR 2019 Asia Conference) өтті.

            HPAIR Asia Conference 2019 конференциясы – бес күндік халықаралық жастар конференциясы 1991 жылдан бастап, Азияның ең ірі қалаларымен қатар (12 түрлі елде 43 конференция), тарихта тұңғыш рет Орталық Азияда өткізіліп отыр. Осы беделді халықаралық шараға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына 40 елден 500-ден астам делегаттар келді.

            Конференцияны Гарвард университетінің Өнер және ғылымдар бөлімінде HPAIR бейкоммерциялық ұйымы Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты - Азияның маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерін талқылау және зерттеу үшін студенттер мен жас мамандар арасында тәжірибе алмасу мен пікірсайыс алаңын құру.

                Биылғы конференцияның тақырыбы «Passion for change» («Өзгерістікке құмарлық»), алты түрлі бағыттар бойынша пікірталастар болады: жаһандық нарықтар мен экономика; өнер, БАҚ және мәдениет; әлеуметтік саясат және әділеттілік; энергетикалық және экологиялық тұрақтылық; мемлекеттік басқару және геосаясат; ғылым мен технология.

            HPAIR Asia Conference 2019 демеушілері студенттердің осы беделді халықаралық конференцияны Қазақстанда өткізу бастамасын қолдай отырып, арасында «Казцинк» ЖШС, Eurasian Resources Group (ERG), Chevron және Microsoft сияқты ұйымдар да болды.