Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Педагог мамандарының тамыз конференциясы

16.08.2019

 

 Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтті.

  Қазақстан Президентінің қатысумен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам мұғалім қатысты.

    Білім беру саласы мамандарының тамыз конференциясы - бұл мұғалімдер үшін жаңа оқу жылының басталуы мен жаңа педагогикалық идеялардың бастамасы болып есептелетін дәстүрлі іс-шара. Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту аясында оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын болады. Сонымен қатар мұғалімдер білім сапасын арттыру және тәлім-тәрбие басымдықтары негізінде білім беру жүйесін жаңғыртудың проблемалы мәселелері мен келешегін талқылайды.