Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Нұр-Сұлтан қаласының Отбасылар форумы

2019-08-01

   2019 жылғы 1 тамызда Тәуелсіздік сарайында «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Отбасылар форумы өтті. Арнайы форумға 300-ге жуық отбасы қатысты. Ұйымдастырушылардан өздерінің тұрмыстық жағдайларын қалай жақсартуға болатынын, жеке бизнес ашу үшін не қажет екенін білуге мүмкіндік болды. Қиын өмірлік жағдайда әлеуметтік көмекке қалай қол жеткізуге болады, отбасыда қарым-қатынас орнатуды енді ғана бастаған жас жұбайларға қолдау көрсетуге іс-шаралар ұйымдастырылды. Соған орай оларға негізгі отбасылық құндылықтар, ата-ана тәрбиесі, әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Кеңес алу үшін Аналар кеңесінің өкілдерімен байланысуға мүмкіндік болды.

 

Дереккөз: https//24.kz/ru/news/