Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Тараз мектеп оқушыларына ұйымдастырылған экскурсия

19.07.2019

   Жаз мезгілі - мектеп оқушылары үшін жылдың ең сүйікті әрі ең ұзақ демалыс уақыты. Бұл қызықты әсер алу және мәдени-танымдық орындарына бару уақыты. Осыған орай, Тараз қаласының мектеп оқушылары елорда бойынша ұйымдастырылған экскурсиялық бағдарлама негізінде Тәуелсіздік сарайына да қонақ болды. Балаларға сарайдың негізгі мақсаттары туралы толық ақпарат айтылды. Сонымен қатар оқушыларға конгресс зал мен заманауи Astana Art show көрмесі көрсетілді. Алайда қонақтарға ең ұнаған жерлердің бірі ол елорданың даму жоспарының үлгісі "Нұр-Сұлтан-2030". Экскурсия соңында балалар алған жарқын әсерлерімен бөлісті.