Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Nur Sun'qar» сыйлығының марапаттау салтанаты

2019-07-10

   10  шілде күні Елордада қаламы жүйрік журналисттер мерейлі марапатқа ие болды. «Nur Otan» партиясының дәстүрлі «Nur Sun'qar» сыйлығы бүгін үздіктерді анықтады. Бұл жолы бас қосқан тілшілер «Тәуелсіздік» сарайына мерекелік көңіл-күймен келді. Осымен 10-шы рет ұйымдастырылған байқау 10 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздардың әрқайсысы мүсіншелер мен 1 миллион теңге ақшалай сыйлық алды. Қоғаммен қатар тыныстап жүрген қалам иелерінің еңбегін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те ерекше атап өтті.