Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

ТМД елдері делегаттарына арналған экскурсия

2019-07-10

   2019 жылдың 10 шілдесінде Тәуелсіздік сарайына ТМД елдерінен делегаттар келді. Сапардың бастамашысы «КаР-Тел» ЖШС мобильді телефония қызметтері жөніндегі компаниясы болды. Қонақтарға корпоративтік экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында өкілдер елорда дамуының бас жоспары «Нұр-Сұлтан-2030» үлгісімен танысты. Сонымен қатар қонақтар «ASTANA ART SHOW» ұйымдастырған «Галактика бойында» көрмесін көріп шықты.