Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Елорда тұрғындары мен қонақтары, сіздерді экскурсияға шақырамыз

2019-07-05

   Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК ұжымы сіздерді алдағы Астана күнімен құттықтайды және осы мереке күндеріне біздің сарайымызға экскурсияға шақырады. Сарайда біздің еліміз үшін көптеген маңызды іс-шаралар өткізілетін бірегей конгресс-залмен танысып, сондай-ақ біздің елорданың дамуына арналған Бас жоспар үлгісін  көре аласыздар. Үшінші қабатта әлемнің 15 елінің суретшілері ұсынған  «АСТАНА ART SHOW-2019» аясында «Галактика қиылысы» атты заманауи өнер көрмесі өтіп жатыр.