Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Галактиканың қиылысуы» көрмесінің ашылуы ASTANA ART SHOW-2019

2019-07-03

   2019 жылдың 3 шілдесінде Тәуелсіздік сарайында ASTANA ART SHOW-2019  фестивалі аясында «Галактиканың қиылысуы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс шарада өз бастамасымен 15 елдің  Contemporary Art әлем жұлдыздары – 40 тан астам  суретшілері бір аяда бірікті.  Көрме Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігімен және TSE Art Destination  галереясымен  ұйымдастырылған.

   ASTANA ART SHOW-2019 көкжиегін тек қазіргі заман өнері жанрында ғана кеңітіп қоймай, түрлі мәдениетте де шектеулерге тосқауыл қояды. ASTANA ART SHOW-2019 басты мақсаты– елордада екінші рет  өткізіліп отырған үлкен іс-шараға жиналған барлық суретшілерге тән номадизм және еркіндік рухын дәріптеуді көздейді.

   ASTANA ART SHOW-2019  тек қана өздігінен көркем экспозиция ғана емес, тегін бағдарламамен білім беруді, шеберлік-сыныптар, воркшоптар, қоғамдық лекциялар, отбасымен бару және т.б. қамтиды.

   Көрме 10 тамызға дейін созылады.