Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

АЭФ өкілдеріне арналған экскурсия

2019-05-18

   2019 жылы 16-17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында XII Астана экономикалық форумы өткізілді. Форумның тақырыбы «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономика» болды. Форумға қатысушылар әртүрлі мемлекеттерден келді. Олар үшін елорданың мәдени нысандары бойынша экскурсиялық бағдарламалар ұйымдастырылды. Солардың ішінде Тәуелсіздік сарайы да болды.

   Шолу экскурсиясы барысында өкілдерге Тәуелсіздік сарайының конгресс-залы мен қонақтарды таң қалдырған Нұр-Сұлтан қаласының даму жоспарының үлгісі көрсетілді.