Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Қарт адамдарға арналған экскурсия

29.03.2019

   29 наурызда 2019 жылы Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қарамағындағы “Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” МКҚК ұйымдастыруымен қарттар мен жалғыз адамдарға экскурсия өткізілді. Шолу экскурсия барысында қонақтар маңызды мемлекеттік іс-шаралар өтетін Конгресс-залмен, қазіргі заманғы өнер галереясымен, қонақтарымыздың шынайы таңдануына себеп болған Нұр-Сұлтан қаласының Бас жоспарымен таныстырылды.