Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Қазақстандық өндірушілердің V «ULTTYQ O'NIM »жылдық көрмесі

2019-05-06

   2019 жылдың 4-6 мамыр аралығында Тәуелсіздік сарайында «Даму» қоры ұйымдастырған «ULTTYQ O'NIM » қазақстандық өндірушілердің V жыл сайынғы көрмесі өтті.

   2015 жылдан бастап көрменің ел арасындағы даңқы шығып, қазақстандық компаниялар өз өнімдерін көрсетіп, тәжірибе жинақтап, табыстылар өз тарихымен бөлісетін жаңа кең ауқымды алаңға айналды. Көрме отандық компаниялар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа өндіріс технологияларын енгізуге нақты  баспалдақ болды.

   Көрме аясында «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау алған шағын және орта бизнестің азық-түлік, құрылыс, жиһаз, киім, мамандандырылған техника мен жабдықтар, сондай-ақ сувенирлік және полиграфиялық өнімдер сияқты салалары өнімдерін ұсынды.

 

 

 

 

Дереккөз: https://damu.kz/vystovka/