Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

BI Group құрылыс холдингінің жүлделер ұтыс ойыны

16.02.2019

   16 ақпан күні Тәуелсіздік сарайында BI Group құрылыс холдингінің жыл сайынғы жүлделер ұтыс ойыны өткізілді. 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі мерзімде Алматы, Астана, Атырау және Шымкент қалаларында орналасқан компанияның сату бөлімдерінен жылжымайтын мүлік сатып алған тұтынушылар ғана бағалы сыйлықтардың үміткерлері болып танылды.

   Салтанатты бөлім Қазақстан эстрада жұлдыздырының және би топтырының қатысуымен өтті. Танымал әнші Айқын Төлепберген және "Голос. Дети" төртінші маусымының жеңімпазы Данэлия Тулешова өнерлерін халық алдында көрсетті.

   Іс-шара барысында 100-ден астам жүлделер ұтысқа тігілді: теледидарлар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, шаңсорғыштар, қысқа толқынды пештер, мультипісіргіштер, электрошәйнектер, ноутбуктер, планшеттер және т.б. Басты жүлделердің ішінде шетелге саяхат, жаңа KIA RIO және BI Group-тан пәтер болды.