Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы астананың болашақ дамуы туралы жоспарларымен танысты

2019-04-23

   2019 жылдың 23 сәуірінде  Тәуелсіздік сарайында елорданың әкімі Бақыт Сұлтанов астананың болашақ дамуы туралы және  қаланы салу жоспарлары туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа  баяндады.

   Елбасы елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы елорданың одан әрі дамуы үшін, халықаралық тәжірибені және қала құрылысы саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді ескере отыру қажеттігін айырықша белгілеп өтті.

 

 

Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.