Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«ІЗДЕНІС» АТТЫ ҮСЕМБЕКОВ БАҚЫТЖАННЫҢ КӨРМЕСІ

27.02.2020

         27 ақпан күні Тәуелсіздік Сарайының Өнер галереясында жас суретші Үсембеков Бақытжанның «Ізденіс» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

         Көрмеде жас суретші Үсембеков Бақытжанның туындылары ұсынылды. Оның шығармашылығында ұлттық мәдениетке деген ерекше құрмет байқалады. Жұмыстарында Ежелгі Қазақстан өнерінің дәстүрлі сарындары жаңаша ұсынылады.

         Автордың Пазырық қорғандарынан табылған аққудың бейнесі бар сақина өзіне ерекше назар аударады.

         Бақытжан өз шығармашылығында айтылған нышанды, және сақ жануарлар стиліндегі басқа да сарындарды қолданады. Сонымен бірге зергерлік бұйымдарында қазақтың геометриялық және зооморфтық ою-өрнектерімен безендірілгенің байқаймыз.

         Б.Үсембековтың тақырыптық суреттері көбінесе  тұрмыстық жанрдағы туындылар. Ауылдың күнделікті өмірінен алынған көріністер, қазақ құрақ мерекелік мозаикасын еске түсіреді. Автор шығармаларында адам мен табиғаттың әдемі үйлесімен бейнелейді. Пасторалды сюжеттер адамдар мен үй жануарлары: құлын - тай, қой, ешкілер және т.б. бейнеленген.

         Үсембеков Бақытжанның зергерлік және кескіндеме өнерінде де батыл ізденіс байқалады.