Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

BI Group құрылыс компаниясынан жыл сайынғы жүлделер ұтысы

15.02.2020

   2020 жылдың 15 ақпанында BI Group құрылыс компаниясынан жыл сайынғы дәстүрлі жүлделер ұтыс ойыны өтті. Ұтыс ойынына 2019 жылдың 15 қарашасы мен 2020 жылдың 10 ақпаны аралығында пәтерді, коттеджді немесе кеңсені сатып алған 3000-ға жуық адам қатысты. Ұтыс ойынында электронды және тұрмыстық техника ойнатылды, сондай-ақ негізгі жүлделер құны 500.000 теңге болатын жолдама, "Kia Rio" маркалы жаңа машина және BI Group компаниясының бір бөлмелі пәтері болды. Сыйлықтарды Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Иванушки International тобы сияқты атақты тұлғалар табыс етті.