INDEPALACE.KZ


N_Kz

Мемлекеттік рәміздер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
 
Экскурсия жұмыс уақыты

 

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00
Касса 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді

 
expo_logo-min

 
nurot-min2

 
nur-min2

 
shtraf-min2

Ислам ынтымақтастық ұйымның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті

Ислам ынтымақтастық ұйымның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Астана декларациясы қабылданды. ИЫҰ саммитінің «21 ғасырдағы қоғам өміріне ғылым ықпалының артуы» тақырыбындағы бірінші жұмыс отырысын қорытындылаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселенің барша адамзат үшін өзекті екендігін атап өтті. «Алайда саланы дамыту үшін бұл мәселеге қатысты бірлігіміз берік екендігін өзге елдерге таныта білуіміз керек. Саммиттің саяси қорытынды құжаты Астана декларациясының қабылдануы сол бірлігіміздің дәлелі  болуға тиіс деп ойлаймын. Осы орайда, Астана декларациясы қабылданды деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиттің декларациясының қабылдануы бәрімізге құтты болсын!», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Бұған дейін хабарланғандай, 10-11 қыркүйек күндері елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өтуде. Саммитке ИЫҰ-ға мүше елдердің, сонымен қатар халықаралық және өңірлік ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысуда.

Эта запись также доступна на: Russian

Комментарии қалдыру

one × 3 =