Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың

25.04.2019

Іс-шара атауы: «Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың» атты көрмесі

Өтетін уақыты:25 сәуір 2019 ж., сағат 17:00

Көрменің өткізілу уақыты: 25.04.-25.05.2019ж.

Өтетін орны: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы,Тәуелсіздік даңғылы, 52

Байланыс телефондары: 700-380, 700-396, 701-392

2019 жылдың 25 сәуірінде Тәуелсіздік сарайында Вадим Быковтың «Қас – қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты көрмесі өтеді. Көрме «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында өтеді. Экспозицияда 50-ге жуық жұмысы қойылады.

Вадим Быков Қостанай облысы Урицкий кентінде дүниеге келген. Кенттің балалар көркемсурет мектебінде оқыды. 1987 жылы Челябинск қаласының ТУ-102 суретші-безендіру мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылдан 1990 жылға дейін Қостанай қаласының көркем-өндірістік шеберханаларында жұмыс істеген. 2003 жылдан бастап Вадим Быков-ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 2006 жылдан бастап Қостанай Суретшілер одағының төрағасы. 2009 жылы Қостанай меценаттар клубының “Қазына” сыйлығының лауреаты. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін “Вадим Быковтың Арт-студиясын” басқарады.

Вадим Быков көптеген облыстық және республикалық көрмелерге қатысқан. “Жастар – ХХІ ғасыр” облыстық көрмесінің лауреаты (бірінші дәрежелі диплом), 2000 жылы “Шабыт” ІІІ Халықаралық фестиваліне қатысқан. Вадим Быковтың «Око» атты бірінші жеке көрмесі, 2001 жылы Қостанай бизнес-колледжінде өткен. 2002 жылы Қостанай педагогикалық колледжі және Лисаков Жоғарғы Притобольдің тарихы мен мәдениеті мұражайында көрмелері өткен. 2003 жылы «Әлем жастар көзімен» атты көрмесі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен. 2004 жылы Ресей-Қазақстан мемлекеттік университетінде және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Быков графикасы” атты жеке көрмесі, Қостанай облыстық көрме залында «Факт пен қиял арасындағы” жеке көрмесі өтті. 2001 жылдан бастап 2018 жылға дейін суретшінің 15 жеке көрмесі өтті.

Суретші Вадим Быковтың шығармалары «Қазақстанның бейнелеу өнері» кітабына, бес томдық «Қазақ өнері» басылымына, екі томдық «Қазақстанның кескіндеме өнері» басылымына енді. Вадим Быковтың шығармашылығы туралы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Юрий Бондаренко өзінің «Мәдениет тұлғалары» кітабында жазды.

Астана қаласының тұрғындары мен Елорда қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!