Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Өнер қарлығаштары» атты көрме

05.03.2020

Іс-шара: Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Өнер қарлығаштары» атты көрме.

Тұсаукесер: 05 наурыз 2020 ж., с.17:00

Көрменің өткізілу мерзімі: 05 наурыз – 05 сәуір 2020 ж.

Өтетін орны: МКҚК «Тәуелсіздік Сарайы»

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д. 52

Ұйымдастырушылар: «Қазақ Ұлттық Өнер Университеті» РММ, «Көркем өнер» факультеті, «Сценография, көркем тоқыма, кескіндеме және мүсін» ПЦК, «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК

Байланыс телефондары: 701-392, 7 701 788 9471

 

5 наурыз күні Тәуелсіздік Сарайының Өнер галереясында «Көркем өнер» факультетінің мектебі мен колледжінің 10 жылдық мерей тойына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мектеп оқушылар мен колледж студенттерінің дипломдық және оқу жұмыстарының көрмесінің салтанатты ашлуы өтеді.

Көрменің мақсаты: Қазақ Ұлттық өнер университетіндегі «Көркем өнер» факультеті, «Сценография, көркем тоқыма, кескіндеме және мүсін» ПЦК-дағы колледж пен мектеп түлектерінің шеберлік деңгейін көрсету.

Қазақ Ұлттық өнер университетінің білім беру саласы үш сатыдан тұрады. Біріншісі – мектеп, мектепте балалар көркем өнердің негіздерін үйренеді; екінші саты – колледж, үшіншісі –университет.

 «Сценография, көркем тоқыма, кескіндеме және мүсін» ПЦК-да екі саты бойынша оқытылады, яғни бейнелеу өнері бойынша пәндер мектепте жүргізіледі және колледжде «Мүсін», «Кескіндеме» «Сахна безендіруші», «Станокты графика», «Дизайн», «Көркем тоқыма» мамандықтары бойынша жас мамандарды дайындайды.

Дипломдық жұмыстарының жетекшілері:

Аманбаев М.С. – Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Манат Сагындыкович «Ә.Кастеев атындағы алтын алқа» иегері, елімізге еңбегі сіңген станокты графиктердің бірі.

Маханбетжанова Г.М. – Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, Франция өнер академиясының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан суретшліер Одағының мүшесі, Көшбасшы педагог, Ұлттық премия иегері, акварелист.

Төлеш Б.Ш. – Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, магистр, Көркемсурет академиясының мүшесі.

Асемқұл Б.С. – Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дарын жастар сыйлығының иегері және Тұңғыш Президент қорының лауреаты.

Нурбаев С.А. – мүсінші маман. Сеелбек Алпамысович «Мүсін» мамандығының түлектерін 2019 жылы дайындады.

Аубакирова А. Д. – Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Анар Даулетбековна көптеген Халықаралық көрмелер мен резиденцияларға қатысушысы, кескіндемеші.