Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Ізденіс» атты Үсембеков Бақытжанның көрмесі

27.02.2020

Іс-шара: «Ізденіс» атты Үсембеков Бақытжанның көрмесі

Тұсаукесер: 27 ақпан 2020 ж., с.17:00

Көрменің өткізілу мерзімі: 27 ақпан– 27 наурыз 2020 ж.

Өтетін орны: МКҚК «Тәуелсіздік Сарайы»

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік д. 52

Ұйымдастырушылар: МКҚК «Тәуелсіздік Сарайы»

Байланыс телефондары: 701-392, 7 701 788 9471

 

    27 ақпан күні Тәуелсіздік Сарайының Өнер галереясында жас суретші Үсембеков Бақытжанның «Ізденіс» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

    Көрмеде жас суретші Үсембеков Бақытжанның туындылары ұсынылады.  Үсембеков Бақытжан, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Көркем металды өңдеу» мамандығының болашақ түлегі. Жас суретші-зергер ретінде, Бақытжан туындыларын заманауи стильде ұсынады. Қазақ зергерлік бұйымдары қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты және шығу тарихы мыңжылдықтардан басталатын ұлттық мәдениеттің дамуын бейнелейтінін анық білеміз, сонымен қатар зергерлік бұйымдар уақыттың жойқын әсеріне төтеп беріп қазіргі таңда зергерлердің шығармашылығында бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Зергерлік композицияларында ежелгі сақтардың «Аң стилі» кескіндерін және заманауи интерпретациядағы дәстүрлі ою-өрнектерге негізделген.

​         Жас суретші-зергер жұмысында аға буынның әсерін көруге болады, бірақ өз шығармаларында композиция жасаудың жаңа тәсілдерін табады. Тарихи стильдерді үйлестіре отырып, оның шығармаларында ерекше қолтаңбасы көрінеді және дәстүрді сақтау идеясы бар.

​         Үсембеков Бақытжан, зергерлік өнермен қатар кескіндемемен де айналысады. Кескіндеме туындылары түстердің тазалығымен және түстер палитрасының бай реңімен ерекшеленеді. Ол түстерге, реңктердің бұрын-соңды болмаған қанықтылығына қол жеткізуге тырысады.  Кенептер асыл гүлдер мозаикасымен жарқырағандай болады. Әсер жеңіл және талғампаз түрде палитраның барлық нәзік түстерімен жеткізіледі.

​         Суретші тек сыртқы күнделікті өмірге, сұлулық пен әсемдікке назар аудармайды, сонымен қатар қиял мен ғажайып арқылы өткен тарих пен дәстүр сюжеттері туындыларында басты орын алды. Қазақ халқының өзіндік ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, кенеп бетінде барлық түстерде және түстердің әртүрлілігінде жаңадан өмірге келгендей болады. 

​         ​Үсембеков Бақытжан, бейнелеу өнері бойынша халықаралық, республикалық және қалалық байқауларға белсенді қатысады, халықаралық «Шебер» конкурсының қатысушысы.