Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

World Skills Kazakhstan 2019

12.11.2019

   2019 жылдың 11 мен 15 қараша аралығында «WorldSkillsKazakhstan 2019» - V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізіледі.

   «WorldSkillsKazakhstan 2019» Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді. Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 38 мамандықтары бойынша сайысады және таңдалған мамандықтан медаль ұтып алу мүмкіндігі үшін жарысады. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.
   Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады.
   Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Қазақстанның әрбір түкпірінен келген әлемдік деңгейге сай мамандардың байқауын өз көздерімен көруге мүмкінді бар.
   Үш кезеңнен тұратын шараға барлықтарыңызды шақырамыз. Келіңіздер! Көріңіздер!
   Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өткізілетін орын: «Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы 10/1 (2019 жылғы 11 қараша, сағат 17.00)
   Чемпионаттың конкурстық бөлігін өткізу орны: «Тәуелсіздік сарайы», Тәуелсіздік даңғылы 52 (2019 жылғы 12-14 қараша, сағат 9:00-18:00).
   Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі өткізілетін орын: Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы 57 (15 қараша 2019 жыл, сағат 18:00).