Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«У жяң Өрнектері» атты ҚХР-ның қылқалам шеберлерінің көрмесі

14.10.2019

Іс-шара: «У жяң Өрнектері» атты ҚХР-ның қылқалам шеберлерінің көрмесі.

Көрменің ашылуы: 14 қазан 2019 ж., сағ.: 17:00

Көрменің өткізілу уақыты: 14.10.2019ж. - 31.10.2019ж.

Өткізілетін орны: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы «Мұрат жолы» мәдениет қоғамдық бірлестігі, «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағы

Байланыс телефондары: 701-392

   2019 жылдың 14 қазан күні сағат 17:00-де Тәуелсіздік сарайында «У жяң Өрнектері» атты Қытай қылқалам шеберлерінің Қазақстандағы сурет көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

         Қазақстан мен Қытай ежелден тату көрші елдер, олардың мәдениет пен өнер салаларында көптеген байланыстары бар. Көрмеге Қытай мемлекетінен бүкілқытай суретшілер қауымдастығының мүшесі Гуан Хоңчэн, Яң Шяни, Фу Шяобяо профессорлар бастаған танымал алты суретшінің 55 жұмысы қойылады.

         Бұл суреттер, жергілікті суретшілер «Әр кімнің туған жері мысыр шаһар» ұғымын басшылыққа ала отырып, Пу лиң өңірін терең бойлап Ян ша, Жэн ши, Шэ ян, Да шун қала-қалашық, ауылдарда салған жұмыстары көрсетіледі. Көрме бейнелеу өнері тұрғысынан өркениеттердің тоғысу нәтижелерін көрсетуге, әрі «Бір белдеу-бір жол» бойындағы аймақтардың мәдени мұралары мен жасампаздық жолын зерделеп, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдениет пен өнер алмасулары мен ынтымақтастықтарын дамытуға өз септігін тигізеді.

         Көрменің мақсаты: «Бір белдеу-бір жол» мен «Нұрлы жол» жоспары екі ел халықтарына пайдалы мол мүмкіндіктер береді. Осы екі бағытты тереңнен байланыстыру үшін өндіріс сапасын толық жетілдіріп, мәдени байланыстарды да күшейтіп, екі елдің мәдениеті мен өнерін әйгілеу және өзара танымды күшейту болып табылады. У жяң суретшілерінің шығармашылығын, аймақтық сурет өнерінің жергілікті көркемдік тартымдылығын, әртүрлі аймақтардың өнерін көрсетіп және ең бастысы екі ел арасындағы әлемдік деңгейдегі мәдениет пен өнер қатынастарын қалыптастыру.

         Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы «Мұрат жолы» мәдениет қоғамдық бірлестігінің шақыруымен 14-31 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Сарайында «Бір белдеу-бір жол» - Нұр-сұлтанда кездесу – “У жяң Өрнектер” атты Қытай қылқалам шеберлерінің Қазақстандағы сурет көрмесі» ұйымдастырылып отыр.

         Сондай-ақ Жібек жолы өнерінің өркендеуіне ықпал етіп, Ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін көрсетіп, адамзат тағдырының қауымдастығын құруға жаңа үлестер қосуға шақырады.

         Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!