Кассаның жұмыс уақыты: 10.00 ден 17.30 дейін

«Сиқырлы бояулар әлемі»

Іс-шара атауы: «Сиқырлы бояулар әлемі» атты көрме

Өтетін уақыты:  30 мамыр 2019ж. сағат 17 :00

Өтетін орны: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан  қаласы, Тәуелсіздік көшесі;52

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК

Байланыс телефондары:701-392

       2019 жылдың 30 мамырында   Тәуелсіздік Сарайында  Халықаралық балаларды қорғау күніне, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Қазақстандағы Жастар жылы бағдарламасына арналған  «Сиқырлы бояулар әлемі»атты көрме өтеді. Көрмеде балаларға білім беру және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруды жүзеге асыруға ««Есіл» балалар көркемөнер мектебінің оқушылары  қатысады.Кескіндеме, графика, скульптура, әлем мәдениеті тарихын халықтық мағынада зерттеу, оқу жүзеге асырылады. Көрмеге 5 жастан 16 жасқа дейінгі қатысушылардың 120 дан астам жұмыстары қойылады . 

      Іс шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамы мен патриоттық тәрбиесін қалыптастыру.

      Халықаралық балаларды қорғау күні -  ең бір белгілі халықаралық мерекелердің бірі. 1949 жылы Парижде Халықаралық әйелдер демократиялық  федерациясы конгресінің шешімімен бекітілген.  Жылда 1 маусым күні аталып өтеді.  Ең алғаш рет 1950 жылы мерекеленді.

      Көптеген елдерде 1 маусым күні балалар үшін  бұқаралық, ойын-сауық және мәдени іс шаралар түрінде өтеді. Бірақ балаларды қорғау – балалардың өзіне бұл тек қана көңілді мереке емес, бұл қоршаған қоғамға балалардың құқын қорғау, барлық балалардың бақытты өсіп дамуына, оқуға, өздерінің сүйікті істерімен айналысуларына және ержеткенде үлгілі ата ана, өз елінің  азаматы болулары қажет екендігін еске салу.     

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Сиқырлы бояулар әлемі» атты көрмені тамашалауға шақырамыз!