INDEPALACE.KZ


N_Kz

Мемлекеттік рәміздер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
 
Экскурсия жұмыс уақыты

 

ДүйсенбіДемалыс
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00
Касса 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді

logo

 
logo-min

 
nurot-min2

 
nur-min2

 
shtraf-min2

«Қазақстандық суретшілердің туындылары» атты көркемөнер көрмесі

Іс-шара атауы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандық суретшілердің туындылары» атты көркемөнер көрмесі
Өтетін уақыты: 1 ақпан 2018ж. сағ. 15:00-17.00
Өтетін орны: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК
Мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі;52
Іс-шараны ұйымдастырушы: «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК
Байланыс телефондары: 701-392

2018 жылы 1 ақпанда МКҚК «Тәуелсіздік сарайының» галерея залында, «Рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасы аясында «Қазақстандық суретшілердің туындылары» атты көркем өнер көрмесі ашылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп: «Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу» деп анықтап айтқан болатын. Осыған орай, Қазақстандық қылқалам шеберлерінің, білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты Ел екенімізді, кескендеу өнерінде, алты құрлық әлемге паш етуге барын салған туындылары көрмеден орын алды. Еліміздің тарихынан сыр шертетін оқиғалар бейнеленген бұл туындылар суретшілердің ұлтқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетеді.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!

Эта запись также доступна на: Russian

    Комментарии қалдыру

    15 − 7 =