INDEPALACE.KZ


N_Kz

Мемлекеттік рәміздер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
 
Экскурсия жұмыс уақыты

 

Дүйсенбі Демалыс
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00
Касса 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді

 
expo_logo-min

 
nurot-min2

 
nur-min2

 
shtraf-min2

VIII Астана экономикалық форумы

2015 жылдың 21-22 мамыр күндері «Тәуелсіздік сарайында» кезекті Астана экономикалық форумы өтті. «Тәуелсіздік сарайы» ғимаратының барлық залдары аталмыш іс-шараның өтуіне пайдаланылды. Астана экономикалық форумы жыл сайын 80 елдің үш мыңға жуық өкілдерін жаһандық мәселелерді талқылау мен шешу үшін жинайды.

Аталмыш алқалы жиынға 11000 делегат тіркеліп, қатысты. Олардың қатарында шет елдік вип-спикерлер, премьер-министрлер, парламент мүшелері, қаржы институттарының өкілдері, Нобель сыйлығының иегерлері, халықаралық ұйымдар басшылары мен белгілі ғалымдар болды.

VIII Астана экономикалық форумының негізгі тақырыбы – «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері». Конференцияда қазіргі жағдайда тұрақты дамудың маңызды факторы ретінде инфрақұрылымды жаңғырту мен дамуының, сонымен қатар жаһандық экономикадағы қаржылай және монетарлық жүйенің өзгерістері жайлы сұрақтар талқыланды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Осы атқарылған шаралар бізге ұзақ мерзімді және тұрақты дамуды қамтамасыз етеді» деп белгіледі.
VIII Астана экономикалық форумының мақсаты – маңызды мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылау, экономиканың тұрақтылығына үлес қосу, жаһандық экономика дамуының өзекті сұрақтарына жауап беру.

Алқалы жиынның негізгі іс-шаралары: инвестициялық форум, Азия және Еуропа басшыларының форумы, Еуразиялық экономикалық конгресі, Ұлы Жібек жолы мен Урбандық форумды қайта өркендету.

Форумның қорытындысы: ең ірі келісім-шарттармен келісімдер бекітілді, жаһандық экономикаға қатысты кепілдемелер мен меморандумдарға қол қойылды. Астана экономикалық форумы жылдан жылға жаһандық экономиканы талқылайтын ең мықты Еуразиядағы сараптау алаңының бірі екендігі дәлелденіп келеді.


Эта запись также доступна на: Russian, English

Комментарии қалдыру

4 × three =